№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | График оказания государственных услуг | ![]() |
2 | Публичное обсуждение | ![]() |
Қостанай облысы әкімдігі білім
басқармасының "Қарасу ауданы білім бөлімінің
Қарасу жалпы білім беретін мектебі" КММ
директорының "Білім беру саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету туралы" Г. А. Қаби
03.01.2023 жылдан 29.12.2023 жылға дейінгі есебі
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарасу ауданы білім бөлімінің Қарасу жалпы білім беретін мектебі" КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді мектептің 4 қызметкері көрсетеді.
2023 жылдың 12 айында 84 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
2023 жылдың қаңтар айынан бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарасу ауданының білім бөлімінің Қарасу жалпы білім беретін мектебі" КММ-де келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
1. Сакура-52 электрондық платформасы арқылы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
2. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-4
3. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау-3
4. Бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау-8
5. Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну-17
6. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру-0
7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларына біліктілік санаттарын беруге (растауға) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау – 0
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Ақпаратқа қол жеткізу орындары: мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы; мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары орналастырылған мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық стенд; бұқаралық ақпарат құралдары: мектептің сайты, мессенжерлер; мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі мәселелер қаралатын директор жанындағы кеңестер болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша іс-шаралар (сынып сағаттары, оқушыларға сауалнама жүргізу, ата-аналар жиналысы) жоспарланады және өткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру
2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары онлайн режимінде өтті, мектептің Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты іскер адамы Е. В. Гер.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
Ағымдағы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Назар аударғаныңыз үшін рахмет!
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету кестесі | ![]() |
"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
«Қарасу ауданы білім бөлімінің Қарасу жалпы орта мектебі» КММ-де 2023-2024 оқу жылында бұл қызмет келесі елді мекендерден Жұмағұл ауылы, Комсомол ауылы, Қойбагор ауылы, Жамбыл ауылдағы 8 оқушыға көрсетілді.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) білім беру ұйымы;
4) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) \ қағаз жүзінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған кезде не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
4) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған кезде, бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) АХАЖ АЖ мәліметтері болмаған не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.